Мақалалар

Қазақ мәдениеті, дәстүрлері және ұлттық құндылықтары туралы тереңдетілген мақалалар.

АТАТЕКТІ ТАНУ – АДАМИ ҚАСИЕТ
Тарих
Досмағамбет КІШІБЕКОВ, академик. - 2025-09-15

Арғы-бергі ататек шежіресін түгендеуге кіріскен бүгінгі қазақ руларының рухани үдерісінде тағы бір үлкен жаналық орын алып отыр. Атап айтқанда, өз кезінде ұлтымыздың үстін-құрылымын жасақтауға қатысқан қабырғалы тайпасы ежелгі қыпшақтардың еліміздің әр қиырын, әсіресе, оңтүстік пен орталық Сарыарқа жеріне қоныс тепкен қазіргі ұрпақтарының ұйғарымымен «92-БАҒЛЫ ҚЫПШАҚ» атты қомпомдық Аташежіре кітабы шығаруға қолға алынды. 2009 жылы аталған нәселді еңбектің І-ші томы «Бұрынғ-ата ұрпақтары» тарамы бойынша жарық көріп еді. Оған негізінен қыпшақтардың тарихы қамтылған да, ал бұлтында бутағының тек ататек шежіресі сызба бойынша тарқатылған. Енді міне, «Торы-ата ұрпақтары» атауымен ағайынның ІІ-ші том кітабы да қолымызға тиді. Ұрпақтар сабақтастығын жалғастырсын деген осы игі қадамның өмірлік қажеттіліктен туындап жатқандығын да тұспалдауға болады.